Мерекеңізбен, анашым!

6 наурыз күні мектебімізде 6 "А" және 6 "Ә" сынып оқушыларының ұйымдастыруымен «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» атты мерекелік кеші болып өтті. Мерекелік кештің мақсаты: аналарын құрметтеу, жылы лебіздерін білдіру, мереке қарсаңында жақсы көңіл-күй сыйлау, оқушылардың өнерлерін шыңдау. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті, ән айтып, би билеп, аналарына деген жылы лебіздерін білдірді. Мерекелік кешке 6 "А" және 6 "Ә" сынып оқушыларының аналары, мектеп әкімшілігі, 7-8 сынып оқушылары, ұстаздар қатысты. Мерекелік кеш жоғарғы деңгейде өтті. Мерекелік кешті ұйымдастырушы 6 "А" және 6 "Ә" сыныбының сынып жетекшілері Айгуль Серикбаевна, Ботагоз Ермахановна.