• Басты бет
  • /
  • "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында

25 ақпан күні мектебіміздің 7 "Г" және 8 "В" сынып оқушылары орыс тілі пәнінің мұғалімі Людмила Аркадьевнамен бірге Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Іс-шара "Шарапат" орталығымен бірлесе жасалынды, іс-шара "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Қамқор" жобасы негізінде ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара барысында "Пение под гитару" үйірмесінің тәрбиеленушілері, 8 "В" сынып оқушылары гитарада өз өнерлерін көрсетті, 7 "Г" сынып оқушылары орыс халқының "Калинка-малинка" халық биін биледі, частушка өлеңдерін оқыды. "Шарапат" орталығындағы қарттармен ойындар, конкурстар өткізілді. Осындай мүмкіндік беріп, қарттарды қуантып, оқушыларға өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік жасағаны үшін Астана қаласы әкімдігінің "Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығына мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз.