Оқу жылының аяқталуына орай ұйымдастырылған сынып сағатына оқушылар, ұстаздар қауымы мен ата-аналар қатысты. Мектепте өткен сынып сағатына арнайы келіп, білім саласы мамандары мен мектеп директоры, оқу ісінің орынбасарлары оқушыларды құттықтады.
Бұл –1 және 10 сынып оқушыларына арналған шара. Сынып сағаты 9.00-де Мемлекеттік Әнұранмен басталды. Одан кейін білім алушылар Оқу-ағарту министрінің жолдаған құттықтау сөзін тыңдады. Тәрбие сағатында білім алушылардың білім нәтижесі, сондай-ақ білім, өнер, спорт салаларында жеткен жетістіктері айтылды.
Айта кетейік, мектебімізде 1069 бала білім алады. Олардың ішінде 11 сыныпты 28 түлек аяқтаса, 1 сыныпты 94 бала, 9 сыныпты 87 оқушы тәмамдайды. Ал Алтын белгіге – 2 оқушы үміткер, үздік аттестатқа – 2 оқушы үміткер.