Іс шаралар

7 наурыз күні мектебімізде "Анаға тағзым" тақырыбында 8 наурыз Халықаралық аналар мерекесіне орай концерттік бағдарлама болды. Іс-шараның мақсаты: аналарды, әжелерді, қыздарды мереке қарсаңында құттықтау, мерекелік көңіл күй сыйлау, үздік деп танылған ұстаздарды марапаттау, оқушылардың өнерлерін ортаға салу. Іс-шара барысында мектебіміздегі үйірме оқушылары өз өнерлерін көрсетті. "Вокал", "Хореграфия", "Пение под гитару"және мектеп Парламент мүшелері, басқа да оқушылар өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара барысында апайлар, кіші қызметкерлер мектеп директорының, Кәсіподақ ұйымы басшысының, Астана қаласы Әдістемелік орталық басшысының, Білім басқармасы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.