6 ақпан күні "TalqLike" ютуб жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуге 2015-2020 оқу жылдары мектепті "Алтын белгіге", "Үздік" аттестатқа бітірген түлектер келді. Кездесудің мақсаты: 10-11 сынып оқушыларына ақыл кеңес беру, мотивация беру, 10-11 сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдауға бейімдеу, кәсіби бағыт-бағдар беру, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастыру. Кездесуге Еркасымов Азат, Папушина Алина, Папушина Арина, Мазур Иван, Сүйіндік Аңсар, Төреқұл Перизат, Тетерина Дарья, Авилбекова Динара келді. Кездесу барысында түлектеріміз оқушыларға ақыл кеңестерін берді, мектеп өміріндегі қызықты сәттерімен бөлісті, ойын ойнады, қазіргі қоғамдағы мамандық таңдау мәселе көтерілді, сұрақтармен алмасты. Кездесу қызықты, мағыналы өтті. Кездесуге келген барлық түлектерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз.
- Басты бет
- /
- Іс шаралар
Іс шаралар