2023 – 2024 оқу жылы 3 маусым күні мектебімізде «Балдаурен» мектеп жанындағы лагердің ашылу салтанатты іс – шарасы болып өтті. Іс – шараның мақсаты: балалардың жазғы демалыс уақыттарын қызықты өткізу, бос уақыттарын тиімді пайдалану. Іс – шараға мектеп әкімшілігі, мектеп директоры Мендыбаев А. Б., директордың бастауыш сыныптар бойынша, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Сатекова Г. С., Момынов М. Ү., лагерь басшысы Табынбаева А. Н. және бастауыш сынып оқушылары, тәрбиешілер қатысты. Барлығы 122 оқушы. Ашылу салтанатты іс – шарасы ҚР Гимнімен басталып, мектеп директоры Мендыбаев А. Б., тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү. құттықтауымен жалғасты. Іс – шара барысында бастауыш сынып бойынша мемлекеттік практикадан өтіп жүрген студент қыздарымыз әр түрлі кейіпкерлер бейнесінде таңғы жаттығу өткізді, арнайы флешмоб биледі. Жалпы жазғы лагерьдің ашылуына 122 бала қатысты. Жалпы лагерде 6 отярд, «НЛО», «Күншуақ», «Көгершін», «Балдаурен», «Солнышко», «Жаз» отрядтары жұмыс істейді. Әр топта 2 тәрбиешіден. Тәрбиешілер жоспарға сай күнделікті іс – шараларды өткізіп отырады. Іс – шаралар жоспары құрылған. Таңғы сағат 8:30 бастап оқушыларды лагерге қабылдау жұмысы жүргізіледі, сағат 9.00-де мектеп ауласында таңғы жаттығу өткізіледі. Лагерь барысында қызықты экскурсия, сурет салу, ән айту, квест ойындары және т.б.түрлі шаралар өткізіледі.
- Басты бет
- /
- Іс-шаралар
Іс-шаралар
