Іс шаралар

6 наурыз күні мектебімізде 5 "Б" сыныбының және 10 "Б" сыныбының аналары үшін мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараны ұйымдастырушы 5 "Б", 10 "Б" сынып оқушылары және сынып жетекшілері Петрик О. В., Калашникова Т. В. Іс-шараның мақсаты: аналарды мерекесімен құттықтау, мерекелік көңіл күй сыйлау, ата-аналарды мектеп өміріне қатыстыру, оқушылардың өнерлерін дамыту. Іс-шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары Шаяхметов А. Г., Шаяхметова Г. М., мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү., және 5 "Б", 10 "Б" сыныптың аналары, әжелері қатысты. Барлығы 35 ана, әже қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті, ән айтты, би биледі, отбасылық өмірден көріністер қойды, аналарына деген жылы лебіздерін білдірді, құттықтау хаттарын жолдады.