Наурыз мейрамы
Жыл басы Наурызбен бірге ызғарлы қыстың орнын шуақты көктем басып, тіршілік қайта түлейді. Бұл күні адамдар бұлақ көзін ашып, тал еккен, жоқ-жітікке жәрдемдескен. Алыс кеткен ағайын қауышқан, араз жандар татуласып, қайта табысқан
«Ұлыстың ұлы күні» жобасының шеңберінде бастауыш сынып мұғалімдері мен оқушылары ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындардың, ақындар айтысын, халық әуендеріне құрылған ән шашу мен күй тартыс сынды ұлттық мәдениетіміздің озық үлгілерін көрсетіп, мектептің қоғамдық өміріне ерекше ат салысуда.