13 наурыз күні мектебімізде Ауған соғысының аяқталуына 36 жыл толуына орай «Ауғанның отты жылдары» атты Ауған ссоғысының ардагерлерімен кездесу болып өтті. Кездесудің мақсаты: оқушыларды отан сүйгіштікке, патриоттық сезімдерін нығайтуға тәрбиелеу. Іс – шараға келесідей қонақтар қатысты: Маханов Мұрат Халилұлы – подполковник, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері запасының офицері, жауынгер-интернационалист, Ауған халқының медальдарымен және басқа да мерейтойлық медальдармен марапатталған; Қабиев Сембек Мажитұлы – ауған соғысының ардагері, 1986 ж. октябрьде әскерге шақырылған, 1986 – 1989 жылдары болды, Кабул №181 полк, иср рота механика водитель. Маханбет Айдархан Шыңғысханұлы – «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери – патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі, Астана қалалық филиалының төраға орынбасары, сонымен қатар 7-10 сынып оқушылары, мектеп әкімшілігі, ұстаздар қатысты. Кездесу барысында 10 «А» сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Кездесу мәнді мағыналы, жоғарғы деңгейде өтті, оқушыларға ұнады. Барлығы 130 оқушы қатысты. Ұйымдастырушы алғашқы әскери дайыдық пәнінің мұғалімі запастағы лейтенант Қаражан Мейірхан Қараханұлы.