Іс шаралар

31 қазан күні күзгі демалыс уақытындағы мектепішілік жоспарға сәйкес мектебіміздің оқушылары арасында шахматтан шағын турнир болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, шахмат ойынын оқушылардың арасында насихаттау, оқушылардың арасында үздік ойнайтын ойыншыларды анықтау, "Шахмат" үйірмесіне оқушыларды тарту, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Турнирге 12 оқушы қатысты, оқушылар екі топқа 6 оқушыдан бөлініп, бір-бірімен ойнады. Турнирді өткізуші: «Шахмат» секциясының жетекшісі Салкимбаев Мирас Медетпаевич. Ойындар өте тартысты, қызықты өтті. Турнирдің қорытындылай келе, 1 топ бойынша 1 орынға – 7 «В» сынып оқушысы Русюк Ульяна, 2 орынға – 7 «А» сыныбының оқушысы Мухамеджан Ердәулет, 3 орынға – 5 «Г» сыныбының оқушысы Жалел Диас ие болды. 2 топ бойынша 1 орынға – 7 «В» сынып оқушысы Жұмағазы Саят, 2 орынға – 8 «В» сыныбының оқушысы Олонцев Илья, 3 орынға – 7 «В» сыныбының оқушысы Жұмағазин Нұрәлі ие болды. Оқушыларға арнайы медалдар тағылды, дипломдармен марапатталды. Сонымен қатар, қалған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды. Осындай іс – шаралар оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты жақсартады, мектеп ішіндегі жақсы атмосфераны қалыптастырады.