10 желтоқсан күні мектебімізде ата-аналар жиналысы болып өтті. Мектепішілік ата-аналар жиналысының тақырыбы: "Зорлық-зомбылықсыз 16 күн. Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ". Ата-аналар жиналысы халықаралық акциясы аясында жасалынған мектепішілік жоспар негізінде өткізілді. Жиналыстың мақсаты: ата-аналарға зорлық зомбылық туралы мағлұмат беру, әсіресе құқықтық жағынан түсіндіріп, сауаттандыру, ұғындыру, балаларын жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстауға, мейірімді болуға, жаман әрекеттерден сақ болуға тәрбиелеу. Ата-аналар жиналысына мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү., әлеуметтік педагог Абенова А. Б., мектеп психологтары Щендрик А. О., Байконырова Б. Т., ОФ "Право" психологы Маратова Меруерт Жамильевна, заңгері Шортаева Нурай Ахетовна, учаскелік инспектор полиция капитаны Дандыбаева Ботагөз Қалдыбайқызы, учаскелік инпектор полиция майоры
Алмаганбетова Алмагул Жансериковна және әр сыныптың ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Барлығы 45 адам қатысты. Ата-аналар жиналысы барысында арнайы видеоматериалдар, тақырыптық слайдтар көрсетілді. Учаскелік инспекторлар зорлық-зомбылық жөнінде, ата-ана жауапкершілігі жөнінде, салынатын әкімшілік айыппұлдар жөнінде және т.б. тақырыптарда түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ОФ "Право", мектеп психологтары ата-аналармен тренингтік жаттығу жұмыстары жүргізді. Ата-аналар жиналысына белсенді қатысқан ата-аналарымызға, лектор болған әріптестерімізге мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз. Осындай іс-шаралар мектеп-ата-ана қарым-қатынасын жақсартады. Ата-аналар жиналысы жақсы өтті, ата-аналар өздеріне керекті ақпараттармен танысты, керекті құнды мәлімет ала алды.