Іс-шаралар

Бүгін мектебімізде 16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай 4 сыныптар арасында мини фтуболдан мектепішілік турнир болып өтті. Турнирдің мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оқушылардың бойында патриоттық тәрбие қалыптастыру, ұл балалардың арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, құқықбұзушылыққа жол бермеу, футбол ойынын насихаттау. Футбол турниріне 4 "А" сыныбының "Тұлпар" командасы, 4 "Ә" сыныбының "Астана" командасы, 4 "В" сыныбының "Қайрат" командасы, 4 "Г" сыныбының "Ворон" командасы қатысты. Барлығы 25 оқушы қатысты. Турнирдің өтуіне 9-10 сынып оқушылары, футбол секциясына қатысатын ұлдар Куаныш Диас, Олжабай Еғзан, Байтембай Арсен, Жукен Ануар, Мұхтар Алинур көмектесті. Турнир өте тартысты, қызықты өтті. Командалар бір-бірімен ойнады. Турнирдің қорытындысы бойынша 4 "В" сыныбының командасы барлық командаларды жеңіп, турнир жеңімпазы атанды. 2 орын 4 "Ә" сыныбының "Астана" командасы, 3 орын 4 "А" сыныбының "Тұлпар" командасы, 4 орын 4 "Г" сыныбының "Ворон" командасы иеленді. Сонымен қатар турнир қорытындысы бойынша "Үздік қақпашы" номианциясы бойынша Касымбеков Бекарыс, "Үздік қорғаушы" номинациясы бойынша Өмірзақ Сұлтан, "Үздік шабуылшы" номинациясы бойынша Сержан Абинұр, "Үздік ойыншы" номинациясы бойынша Надиров Мухаммад арнайы грамотамен марапатталды.