Іс шаралар

12 қараша күні мектебімізде мектеп Парламенті ұйымының белсенділерімен ұйымдастыруымен 6 сыныптар арасында «Miss&Mister 19» мектепішілік байқауы болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт – дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке, қыз баланы ақылды да ибалы, сұлу да әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеу, 6 сынып оқушылары арасындағы қарым – қатынасты жақсарту, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, мектеп өмірін қызықты өткізу. Іс – шараға 6 сынып оқушылары қатысты. 6 «А» сыныбынан Айғожа Әлібек және Қуандық Самия; 6 «Ә» сыныбынан Аубакиров Ильяс және Ахмет Аружан; 6 «Б» сыныбынан Толстых Артем және Мустафина Дамира; 6 «В» сыныбынан Советбек Мират және Шепель Софья; 6 «Г» сыныбынан Долбик Алексей және Омарова Ирида; 6 «Д» сыныбынан Борисовский Валерий және Сулейменова Тамирис. Әділ – қазы алқасында 9 «Г» сынып оқушысы, мектеп Парламентінің белсенді мүшесі Белая Юлианна, 10 «Б» сынып оқушысы, мектеп Президенті Искакова Мадина, вице Президент, 8 «А» сынып оқушысы Карина Жанерке, Қамқоршылар Кеңесі төрағасының орынбасары Тозлован Асемгуль Амангельдыевна, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов Мақсат Үмбетханұлы болды. Сайыс 4 кезең бойынша өтті: 1. Таныстыру/сәлемдесу 2. Шығармашылық конкурс, 3. Дефиле, 4. Сұрақ – жауап.
Сайыстың қорытындысы бойынша ГРАН – ПРИ 6 «Г» сынып оқушылары Долбик Алексей және Омарова Ирида, 1 орын 6 «Б» сынып оқушылары Толстых Артем және Мустафина Дамира, 2 орын 6 «А» сынып оқушылары Айғожа Әлібек және Қуандық Самия және 6 «Ә» сынып оқушылары Аубакиров Ильяс және Ахмет Аружан, 3 орын 6 «В» сынып оқушылары Советбек Мират және Шепель Софья және 6 «Д» сынып оқушылары Борисовский Валерий және Сулейменова Тамирис ие болды. Жеңімпаз болған оқушылар арнайы дипломдармен марапатталды.