Бүгін мектебіміздің оқушылары үшін жолда жүру ережелері бойынша түсіндірме жұмыстары өткізілді. Жұмыстың мақсаты: оқушыларды жол белгілерімен, жолда жүру ережелерімен таныстыру, жол қауіпсіздігі сақталмаған жағдайда кездесетін жарақаттар немесе түрлі жағдайлар туралы ұғындыру, оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережелерін, қауіпсіздігін білуге, есте сақтауға үйрету. Түсіндірме жұмыстарын аға лейтенант Мухамежджанов Р. Р., аға лейтенант Тұрғын М. Д., полиция капитаны Ерсалим А. С., рота командирінің орынбасары аға лейтенант Муратов А. А., патрульдік полиция полкінің аға инспекторы, полиция капитаны Жузбаев А. Д. өткізді. Оқушыларға Астана қ. полиция Департаменті патрульдік полиция Полкінің арнайы дайындалған видеоролигі көрсетілді. Жолдан өту ережелері, жол қауіпсіздік ережелері және т.б. ережелермен оқушылар танысты. Барлығы 175 оқушы қатысты.