Іс-шаралар

13 желтоқсан күні мектебімізде Тәуелсіздк күніне арналған "Тәуелсіздік-тұғырым" тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушыларға Қазақстан туралы, оның Тәуелсіздігі туралы мәлімет беру, Тәуелсіздікке қалай жеткенін баяндау, сахналық көріністер арқылы көрсету; оқушыларды өз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, өз ана тілін сүюге,әдемі сөйлеуге үйрету, елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстздар, 7-11 сынып оқушылары, барлығы 450 адам қатысты. Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетті: 9 "Ғ" сыныбы "Қазақ хандығы" сахналық көрінісін, 11 "А" сыныбы "Алаш арыстары" сахналық көрінісін, мектеп Парламентінің белсенділері "Желтоқсан желі" сахналық көрінісін қойды. Сонымен қатар іс-шара барысында "Вокал" үйірмесінің оқушылары, "Киокушинкай каратэ" секциясының оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Мерекелік салтанатты іс-шара өте жоғары деңгейде, мағыналы өтті. Іс-шара соңында осы жарты жылдықта жетістікке жеткен мектебіміздегі үйірме, секция оқушыларының жұлдызды шеруі болды. Мерекелік іс-шараның ұйымдастыруымна белсене қатысқан әріптестерге, оқушыларға алғыс білдіреміз!