19 желтоқсан күні мектебімізде 5 сыныптар арасында велотуризмнен мектепішілік турнир болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, велотуризмді оқушылар арасында насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру. Турнирге 5 "А", 5 "Б", 5 "В", 5 "Г" сыныбының командалары, барлығы 16 оқушы қатысты, әр командада 4 оқушыдан (2 ұл, 2 қыз). Турнирді ұйымдастырушы: «Спорттық туризм» секциясының жетекшісі Бельжанов Кайрат Бекенович және "Спорттық туризм" секциясының тәрбиеленушілері 8 "Д" сынып оқушылары Литвиненко Милана, Иваненко Василиса, 6 "Г" сынып оқушысы Транченко Тимофей. Ойындар өте тартысты, қызықты өтті, ойынның шарты бойынша үлкен спорт залда қойылған кедергілер арқылы велосипедпен өтулері уақытқа өтулері керек. Турнирдің қорытындылай келе, 1 орын-5 «Б» сыныбы, 2 орын-5 «А» сыныбы, 3 орын-5 «В» сыныбы, 4 орын-5 "Г" сыныбының командасы иеленді. Қатысқан оқушылар диплом, грамотамен марапатталды. Жалпы іс-шараға 35 оқушы қамтылды.