Іс- шаралар

19 желтоқсан күні шахматтан шағын мектепішілік турнир болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, шахмат ойынын оқушылардың арасында насихаттау, оқушылардың арасында үздік ойнайтын ойыншыларды анықтау, "Шахмат" секциясына оқушыларды тарту, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту. Турнирге 12 оқушы қатысты, оқушылар екі топқа ұл, қыз болып бөлініп, бір-бірімен ойнады. Турнирді өткізуші: «Шахмат» секциясының жетекшісі Салкимбаев Мирас Медетпаевич. Ойындар өте тартысты, қызықты өтті. Турнирдің қорытындылай келе, 1 топ, қыздар бойынша 1 орынға – 8 «В» сынып оқушысы Лорсанова Фатима, 2 орынға – 6 «Ә» сыныбының оқушысы Мухамеджан Жансая, 3 орынға – 4 «В» сыныбының оқушысы Агибаева Наргиз ие болды. 2 топ, ұлдар бойынша 1 орынға – 8 «В» сынып оқушысы Олонцев Илья, 2 орынға – 7«А» сыныбының оқушысы Мухамеджан Ердаулет, 3 орынға – 7 «Б» сыныбының оқушысы Каирлов Дамир ие болды. Қалған оқушылар белсене қатысқаны үшін арнайы грамоталармен марапатталды. Жүлдегерлерге арнайы медалдар тағылды, дипломдармен марапатталды. Осындай іс – шаралар оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты жақсартады, мектеп ішіндегі жақсы атмосфераны қалыптастырады, бос уақыттарын тиімді өткізуге көмектеседі. Мектебімізде жұмыс істейтін "Шахмат" үйірмесіне жазылуға шақырамыз!