24 қазан күні мектебімізде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында мектепішілік жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар болып өтті. 24 қазан күні 5 сынып арасында «Веселые старты» тақырыбында спорттық эстафеталық ойыны болып өтті. Сайысқа 5 «А», 5 «Ә», 5 «Б», 5 «В», 5 «Г» сыныптарының командасы, барлығы 50 оқушы қатысты. Спорттық эстафета ойыны бірнеше кезеңдер бойынша өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орын-5 «А» сыныбының командасы, 2 орын-5 «Г», 5 «В» сыныбының командасы, 3 орын-5 «Ә», 5 «Б» сыныбының командасы ие болды. Жеңімпаз атанған сыныптар дипломмен марапатталды.