2024 – 2025 оқу жылы19 қазан күні Мектеп Парламент президентінің сайлауы болып өтті. Іс – шараның мақсаты: өзін – өзі дамытуға, оқушылармен қарым – қатынастарын жақсартуға, балаға өзін өзі дамытуға, қоғамдық ортада өзін – өзі көрсетуге, тұлға ретінде қалыптасуға, оқушының ұйымдастырушылық, көшбасшылық қырларын дамыту, өз мектебін дамыту жолында аянбай еңбек етуге тәрбиелеу. Сайлауға үміткер ретінде 4 оқушы тіркелді. 8 «А» сынып оқушысы Карина Жанерке, 9 «А» сынып оқушысы Сабирбеков Айдос, 10 «А» сынып оқушысы Бекежанов Ислам, 10 «Б» сынып оқушысы Искакова Мадина. Оқушылар осы апта ішінде өздерінің үгіт насихат жұмыстарын жүргізді, мектептің 1 қабатында арнайы бұрыш жасақталып, үміткерлердің жұмыстары орналастырылды. Ол жерде оқушылардың сайлау алды бағдарламалары, өздері туралы ақпараттары көрсетілді. Сонымен қатар, мектептің инстаграмм парақшасында видео материалдары жарияланылды.
19 қазан күні мектебімізде Мектеп Парламент президентін сайлау өткізілді. Сайлау комиссиясының құрамында:
1.Сайлау комиссиясының төрағасы – 11 «А» сынып оқушысы Қалымбек Сұлтанбек
2.Сайлау комиссия төрағасы орынбасары – 11 «Б» сынып оқушысы Салимкерей Диас
3.Сайлау комиссиясының хатшы – 11 «Б» сынып оқушысы Ломакина Полина
4.Сайлау комиссиясының мүшесі – 9 «В» сынып оқушысы Соколова Анастасия
5.Сайлау комиссиясының мүшесі – 9 «Г» сынып оқушысы Белая Юлианна
6.Сайлау комиссиясының мүшесі – 11 «А» сынып оқушысы Қаратай Ақжібек
7. Сайлау комиссиясының мүшесі – 11 «А» сынып оқушысы Есбатыр Бақытжан
8. Сайлау комиссиясының мүшесі – 9 «Б» сынып оқушысы Оспанова Камила
Сайлау қорытындысы бойынша сайлау комиссия мүшелеріне 88 – 89 бюллетендер таратылды. Оның ішінде 50 бюллетень жарамсыз деп танылды
Бекежанов Ислам – 163 дауыс;
Карина Жанерке – 97 дауыс;
Сабирбеков Айдос – 44 дауыс;
Искакова Мадина – 173 дауыс
Сайлау соңында 173 дауыспен 10 «Б» сынып оқушысы Искакова Мадина жеңіске жетіп мектеп Парламентінің президенті болып сайланды. Искакова Мадинаға алдағы істеріне сәттілік тілейміз. Дауыс бергендеріңіз үшін рахмет. Дауыс беруге 5 – 11 сынып оқушылары қатысты.
