21 қазан күні мектебімізде 1-11 сыныптарда "Жеке қауіпсіздік" тақырыбында сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағаттарының мақсаты: қауіпсіздік ережелерін оқушыларға үйрету, қауіпті жағдайлардан аулақ болуды, жарақаттанудың алдын алуды және әртүрлі әрекеттерді сақтану жолдарын үйрету. Қауіпсіздік дағдыларын қалыптастыру, алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, қаржылық және ақпараттық қауіпсіздік ережелерін үйрету. Сынып сағаты барысында арнайы дайындалған тақырыптық-ақпараттық слайдтар, видеоматериалдар көрсетілді.


