Іс шаралар

24 қазан күні мектебімізде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында мектепішілік жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар болып өтті. 6 сыныптар арасында «Старты надежд» тақырыбында спорттық эстафеталық ойыны болып өтті. Сайысқа 6 «А», 6 «Ә», 6 «Б», 6 «В», 6 «Г» және 6 «Д» сыныптарының командасы, барлығы 60 оқушы қатысты. Спорттық эстафета ойыны бірнеше кезеңдер бойынша өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орын-6 «А» сыныбының командасы, 2 орын-6 «Д», 6 «В» сыныбының командасы, 3 орын-6 «Ә», 6 «Б», 6 «Г» сыныбының командасы ие болды. Жеңімпаз атанған сыныптар арнайы дипломмен марапатталды.