24 қазан күні мектебімізде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында мектепішілік жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар болып өтті. 9 сыныптар арасында «Богатырские потехи» тақырыбында спорттық туристік эстафеталық ойыны болып өтті. Сайысқа 9 «А», 9 «Ә», 9 «В», 9 «Ғ» және 9 «Д» сыныптарының командасы, барлығы 70 оқушы қатысты. Спорттық эстафета ойыны бірнеше кезеңдер бойынша өтті. Сайыстың қорытындысы бойынша 1 орын-9 «Ә» сыныбының командасы, 2 орын-9 «Ғ» сыныбының командасы, 3 орын-9 «А» сыныбының командасы, 4 орын-9 «В» сыныбы, 5 орын-9 «Д» сыныбының командасы ие болды. Жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломмен марапатталды.