24 қазан күні мектебімізде «Спорт, денсаулық, дене шынықтыру-бұл ең үздік мәдениет!» акциясы аясында мектепішілік жоспарға сәйкес спорттық іс-шаралар болып өтті. 10-11 сыныптар арасында «Волейбол» турнирі болып өтті. Турнирге 10 «А», 10 «Б», 11 «А» және 11 «Б» сыныптарының командасы, барлығы 40 оқушы қатысты. Волейбол ойыны бірнеше кезеңдер бойынша өтті. Командалар бір-бірімен ойындар өткізді. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орын-10 «А» сыныбының командасы, 2 орын-11 «А» сыныбының командасы, 3 орын-11 «Б» сыныбының командасы, 4 орын-10 «Б» сыныбының командасы ие болды. Жеңімпаз атанған оқушылар арнайы дипломмен марапатталды.