28 қазан күні күзгі демалыс уақытындағы мектепішілік жоспарға сәйкес 8 – 11 сыныптар арасында волейбол шағын турнирі болып өтті. Іс – шараның мақсаты: оқушылардың демалыс уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, волейбол ойынын оқушылардың арасында насихаттау, оқушылардың арасында үздік ойнайтын ойыншыларды анықтау. Волейбол турниріне 8 сыныптардың құрама командасы, 9 «Ә» сыныбының командасы, 9 «Б» сыныбының командасы, 9 «В» сыныбының командасы, 9 «Д» сыныбының командасы, 10 «А» сыныбының командасы және 11 «А» сыныбының командалары, барлығы 7 команда қатысты. Турнирге барлығы 75 оқушы қамтылды. Турнирді өткізуші: «Волейбол» секциясының жетекшісі Алиакбаров Касым Хасенович және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Абдрахманов Кабдулла Сагаденович. Ойындар өте тартысты, қызықты өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша 1 орынға – 11 «А» сыныбының командасы, 2 орынға – 9 «Б» сыныбының командасы, 3 орынға – 9 «Ә» сыныбының командасы ие болды. Сонымен қатар «Үздік ойыншы» номинациясымен 11 «А» сынып оқушысы Мұхтарұлы Ерасыл, «Үздік байланыстырушы» номинациясымен 9 «Б» сынып оқушысы Андреева Дарья, «Үздік шабуылшы» номинациясымен 9 «Г» сынып оқушысы Баталов Мусавир, «Үздік қорғаушы» номинациясымен 9 «Ә» сынып оқушысы Аманова Толғанай арнайы дипломдармен марапатталды. Осындай іс – шаралар оқушылардың арасындағы қарым – қатынасты жақсартады, сыныптың ішіндегі жақсы атмосфераны қалыптастырады.