16 қазан күні мектебімізде Астана қаласы «АИТВ инфекциясының алдын алу орталығы» МКҚК бірлесе «Жасөспірімдер арасында ВИЧ инфекциясын алдын алу шаралары» тақырыбында ақпараттық – түсіндірме жұмысы жүргізілді. Лекцияны орталықтың тренері Булашева Виктория Анатольевна өтікізді. Лекцияға 9 «Б», 9 «Д» сыныпы оқушылары, барлығы 32 оқушы қатысты. Лекцияның мақсаты: ВИЧ – инфекциясы, наркомания және т.б. қауіпті аурулар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ақпараттандыру. Алдын алу жолдарын түсіндіру, қауіпті әрекеттерден сақтау. Лекция барысында ақпараттық – түсіндірме жұмысы жүргізілді, қазіргі қоғамдағы қауіпті әрекеттер, зиянды заттар туралы ақпараттандырылды. Оқушыларға орталықтың арнайы дайындаған ақпараттық буклеттері таратылды. Лекцияға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү., мектеп медбикесі Алиева К. Б., мектеп психологы Шендрик А. О. және 9 сынып оқушылары қатысты. Ақпараттық – түсіндірме жұмысы жақсы деңгейде өтті, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты ала алды.