Іс шаралар

18 қазан күні мектебімізде «Право» ҚҚ – мен бірлесе «Профилактика преступлений против половой неприкосновенности», «Детство без жестокости и насилия» тақырыптарында тренинг болып өтті. Іс – шара екі жақты жасалынған жоспар негізінде өткізілді. Лекцияны «Право» ҚҚ заңгері Шортаева Нурай Ахетовна, психологы Оразбекова Жанара Камаргалиевна өтікізді. «Профилактика преступлений против половой неприкосновенности» тақырыбы бойынша заңгер Шортаева Нурай Ахетовна 10 сынып оқушыларымен, «Детство без жестокости и насилия» тақырыбында психолог Оразбекова Жанара Камаргалиевна 6 – 7 сынып оқушыларымен жұмыс жасады. Лекцияға 10 «А», 6 «Д» және 7 «Б» сынып оқушылары, барлығы 48 оқушы қатысты. Лекцияның мақсаты: оқушылар арасында зорлық – зомбылық әрекеттерін алдын алу, мейірімділікке, адамгершілікке тәрбиелеу, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, жұқпалы аурулар туралы ақпараттандыру, жыныстық сауаттылықтарын қалыптастыру. Алдын алу жолдарын түсіндіру, қауіпті әрекеттерден сақтау. Лекция барысында ақпараттық – түсіндірме жұмысы жүргізілді, қазіргі қоғамдағы қауіпті әрекеттер, зиянды заттар туралы ақпараттандырылды. Оқушыларға «Право» ҚҚ – ның арнайы дайындаған ақпараттық слайдтары, видеоматериалдары көрсетілді. Лекцияға мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү. және 10, 6 – 7 сынып оқушылары, сынып жетекшілері қатысты. Ақпараттық – түсіндірме жұмысы жақсы деңгейде өтті, оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты ала алды.