23 желтоқсан күні мектебімізде 1 «А», 1 «Ә» сыныптарының «Қош бол, сүйікті Әліппе!» атты ертеңгілік іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды Ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. Осы уақыт аралығында алған білімдерін көрсету. Іс-шара барысында оқушылар тақпақтар мен өлеңдерін айтып, билерін биледі. Ата-аналармен ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға 1 «А», 1 «Ә» сынып оқушылары, ата-аналары және мектеп әкімшілігі қатысты. Мектеп әкімшілігі 1 «А», 1 «Ә» сынып оқушыларын әліппені аяқтағаны жөнінде арнайы дипломдармен марапаттады. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Балалар осы аралықта көп нәрсе меңгерген, білімдері жақсы деңгейде. Іс-шараны ұйымдастырушы, 1 «А» сынып жетекшісі Гүлзейнеп Сайдалықызы, 1 «Ә» сынып жетекшісі Ақмарал Әбдіғалиқызы.