Бүгін мектебімізде 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен "Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік", "Өрт қауіпсіздігі", "Азаматтық қорғаныс" тақырыптарында лекция болып өтті. Лекцияны Астана қаласы ТЖД ТЖААБ аға инженері, азаматтық қорғау капитаны Хайруллина Дарья Нурулловна өткізді. Лекцияның мақсаты: оқушылардың қыс мезгілінде қалың қардан, мұздан сақтану шараларын түсіндіру, сақтық шараларын үгіт-насихат түрінде айтып жеткізу, оқушыларды төтенше жағдайларда, үйде немесе мектепте өрт кезінде өзін дұрыс ұстауға үйрету, өртті сөндірудің практикалық дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың санасына газ және электр құрылғыларын пайдалану ережелерін жеткізу, оқушылардың өртке байланысты қауіптер туралы білімдерін кеңейту. Лекция барысында департаменттің дайындаған арнайы тақырыптық видеоматериалдары көрсетілді, ақпараттық слайд материалдары ұсынылды. Барлығы 265 оқушы қатысты. Лекция оқушылар үшін құнды болды, өздері қажетті ақпараттарын ала алды.
Сегодня в нашей школе прошла лекция с участием учащихся 9-11 классов на темы: "Безопасность в зимний период", "Пожарная безопасность", "Гражданская оборона". Лекцию провела старший инженер ДЧС г. Астаны, капитан гражданской защиты Хайруллина Дарья Нурулловна. Цель лекции: разъяснение мер предосторожности учащихся от сильного снега, льда в зимний период, изложение мер предосторожности в форме агитации, обучение учащихся правильному поведению при пожаре в чрезвычайных ситуациях, дома или школе, формирование практических навыков тушения пожара, доведение до сознания учащихся правил эксплуатации газовых и электрических устройств, расширение знаний учащихся об опасностях, связанных с пожаром. В ходе лекции были продемонстрированы специальные тематические видеоматериалы, подготовленные департаментом, представлены материалы информационных слайдов. Всего приняли участие 265 учащихся. Лекция была ценной для учащихся, они сами смогли получить необходимую информацию.