• Басты бет
  • /
  • Әдістемелік бірлестіктер онкүндігі аясында
Әдістемелік бірлестіктер онкүндігі аясында

Жаратылыстану ғылымдарының онкүндігі аясында 11 "А" сыныбында биология пәнінен ашық сабақ өтті.Сабақтың тақырыбы: "Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілуі" , мақсаты: "Мембраналық рецепторлар арқылы гормондық сигналдардың берілу механизмін түсіндіру" Сабақ "Алақан жылуы" тренингпен басталды, үй тапсырмасы " Қазынаны тап" әдісі арқылы өткен тақырыптар бойынша білімдерін еске түсірді,келесі қолданылған әдіс " Кинематафера" әдісі арқылы сұрақтарға жауап жауап бере отырып,жаңа тақырыптың мақсатын анықтады. Келесі әдіс " Ойлан,жұптас,бөліс" әдісі" оқушылар топтарды тақырыпты талдап, қорғап жаттығу жұмыстарын орындады " Банкомат" әдісі арқылы оқушылар жаңа сабақты бекітіп қорытындылады. Оқушылар сабаққа белсенділік танытты, өз ойларын ашық жеткізе білді.11 "А" сынып оқушылары биология сабағында үнемі сабаққа ұйымшыл, іскер, еңбекқор,білімге деген құштарлықтары шексіз, кез келген әдістерді жылдап үйреніп меңгеріп алатын шығармашыл қабілетті оқушылар.