• Басты бет
  • /
  • Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 125 жылдығына орай сынып сағаттары
Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 125 жылдығына орай сынып сағаттары

17 ақпан күні мектебімізде алғашқы академик, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев 125 жылдығына орай сынып сағаттары болып өтті. Сынып сағатының мақсаты: алғашқы академик, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жайлы мағлұмат беру, өмір жолынан мәлімет беру, оқушыларды еңбек жолымен, ғылымда зерттеген салаларымен, ғылыми жаңалықтарымен таныстыру, оқушыларды елінің патриоты болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Ғылыми еңбектерін оқушыларға таныстыра отырып, оқушылардың бойында адами құндылықтарды қалыптастыру, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында оқушыларға арнайы видеоматериалдар, деректі фильмнен ізінділер, арнайы дайындалған тақырыптық слайдтар көрсетілді. Оқушылар Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы арнайы ақпараттық анықтамалармен танысты, алған ақпараттары бойынша кластерлерін, слайдтарын, жұмыстарын қорғады. Сынып сағаты 6, 8 сыныптарда өткізілді, барлығы 225 оқушы қамтылды.