Конкурс жеңімпаздары

Бүгін Е. Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық Филармония залында "Заң және бала: қатесіз болашақ" қойылымдар байқауының қорытындысы болып өтті. Байқауға аудан мектептерінен 27 мектептің командалары қатысқан.Байқаудың мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылықтарын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашу. Байқауға мектебіміздің оқушылары да өз туындыларын ұсынған болатын. Құрамында: 9 "Г" сынып оқушылары Белая Юлианна, Гарифуллин Ренэль, Копылова Мария, Малинская Виктория және 8 "А" сынып оқушысы Мырзағали Арай. Жетекшілері: орыс тілі пәнінің мұғалімі Усембаева Балжан Уакбаевна. Байқаудың қорытындысы бойынша 8 "А" сынып оқушысы Мырзағали Арай "Актерлік шеберлігі үшін" номинациясымен марапатталды. Арай- мектебіміздегі "Шырақ балалар театрв" үйірмесінің тәрбиеленушісі, мектебіміздің мақтанышы, болашағынан зор үміт күтетін оқушыларымыздың бірі. Осы жетістіктерімен Арайды және жетекшісі Балжан Уакбаевнаны шын жүректен құттықтаймыз!