Бүгін мектебімізде «Бала қауіпсіздігі-қоғам келешегі» тақырыбында ата-аналар жиналыстары болып өтті. Ата-аналар жиналысының мақсаты: қазіргі кездегі интернеттегі қауіптермен таныстыру; шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллингпен таныстыру; балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған дүниелермен таныстыру, олардың қауіптілігін түсіндіру; онлайн ойындардан шектеу; баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін жағдайтардан сақтау, алдын алу; оқитын кітаптар мен сайттар ұсыну; әлеуметтік желілердегі алаяқтықтардан сақтау. Жиналыстар сынып кабинеттерінде, арнайы берілген нұсқаулық негізінде өткізілді. Жиналыс барысында мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү. мектептегі үйірме, секция жұмысымен таныстырды. Мектеп психологы Щендрик А. О. ата-аналарды мектебімізде оқушылармен жүргізіліп жатырған психологиялық жұмыстармен таныстырды, ата-аналарды сұрақтарына жауап берді. Жиналыс барысында ата-аналар оқушылардың мектеп формасы бойынша бекітілген ішкі тәртіппен таныстырылды. Ата-аналар жиналысы барысында әр түрлі ойындар, танысу тренингтері, сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Жиналыс жоғарғы деңгейде, ата-аналардың белсенді қатысуымен өтті. Барлығы 276 ата-ана, 26 педагог қатысты.
- Басты бет
- /
- Іс - шаралар
Іс - шаралар
