Іс-шаралар

Бүгін мектебімізде "Жасөспірімдер арасында қауіпсіздікті қамтамасыз ету" тақырыбында лекция болып өтті. Іс-шараның мақсаты: жасөспірімдердің арасындағы қауіпсіздік ереже сақтау, құқықбұзушылықты алдын алу, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстау ережелерімен таныстыру және т.б. Лекция 8-11 сынып оқушылары, барлығы 353 оқушы қатысты. Лекция сұрақ-жауап, еркін форматта өткізілді. Кездесу барысында жасөспірімдердің арасындағы қылмыстық істер бойынша дайындалған арнайы видеоролик көрсетілді. Кездесуге мектеп директоры Мендыбаев А. Б., Сарыарқа ауданы ОМПС УП бастығының орынбасары капитан полиция Мусин Дастан Талғатұлы, аса маңызды істер бойынша аға опера Балгабаев Адиль Болатович, Сарыарқа ауданының прокуроры, аға лейтенант Анвар Ардақ Бауржанұлы, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү. Кездесу барысында Сарыарқа ауданының прокуроры, аға лейтенант Анвар Ардақ Бауржанұлы оқушылардың қатысуымен арнайы тренинг өткізді, түсіндірме жұмыстары жүргізілді, оқушылар өздері қойған сұрақтарға жауап ала алды.