13 ақпан күні мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес «Бірыңғай ашық есік күні» мектепішілік іс – шарасы болып өтті. Қалалық ұсынымға сәйкес мектепішілік іс – шаралар жоспары бекітілді. Мектепішілік жоспарға сәйкес "Даналық мектебінің" жұмысы аясында волейбол турнирі болып өтті. Турнирге "Әкелер", "11 сынып" және "10 сынып" құрама командалары қатысты. Турнирдің мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, әке мен бала арасындағы қарым-қатынасты жақсарту, әкелер мектебінің жұмысын жандандыру. Турнир барысында командалар бір-бірімен ойна, жеңімпазды анықтады. Ойындар өте тартысты, қызықты, эмоцияға толы өтті. Турнирдің қорытындысы бойынша "Үздік ойыншы" номинациясымен "Әкелер" командасының мүшесі Мұқтарұлы Ерназар, "ата – аналар өз ойларын ортаға салып, сынып" командасының ойыншысы Кеңес Жанбота арнайы дипломмен марапатталды. Волейбол турниріне қатысқан барлық әкелер мектеп директорының арнайы алғыс хатымен марапатталды. 1 орын- "Әкелер" командасы, 2 орын-"11 сынып" құрама командасы, 3 орын-"10 сынып" құрама командасы арнайы дипломдармен марапатталды. Іс-шараны ұйымдастырушы-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Момынов М.Ү., "Волейбол" секциясының жетекшісі Алиакбаров К. Х. Іс – шараға барлығы 7 әке, 20 оқушы қатысты. Мектеп әкімшілігі атынан волейбл турниріне белсене қатысқан әкелерге алғысымызды білдіреміз.