19-22 сәуір күндері Павлодар қаласында "Бірлік" спорт кешенінде белбеу күресінен 2007-2009 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты болып өтті. Осы чемпионатқа Астана қаласының құрама командасы да қатысты. Құрама сапында мектебіміздің оқушылары да бар: Авилбеков Елмұрат, Сабирбеков Айдос, Жиенбаева Айша, Жиенбаева Хадиша, Жомартова Марзия, Кубеева Аружан. Бұл оқушылардың барлығы мектебіміздегі "Белбеу күресі" секциясының тәрбиеленушілері. Жарыстың қорытындысы бойынша 57 кг. салмақ дәрежесінде 9 "А" сынып оқушысы Жиенбаева Айша 1 орын, 9 "Г" сынып оқушысы Жомартова Марзия 2 орынға ие болды. Екі оқушымыз финалдық кездесуде кездесіп, чемпиондық белбеуді сарапқа салды. Алдағы уақытта өтетін белбеу күресінен Әлем чемпионатында еліміздің намысын осы екі оқушымыз қорғайтын болады. Оқушыларымызға сәттілік тілейміз. Жаттықтырушылары: Сатбаев Д. К., Сатбаев Д. Е.
- Басты бет
- /
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
