Жаңалықтар

2023 – 2024 оқу жылы 26 сәуір күні мектебімізде 9 сынып оқушылары үшін «Astana KILC» колледжінің өкілдерімен кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша кездесу болып өтті. Кездесуге 9 «А», 9 «Ә», 9 «Б», 9 «В», 9 «Г» сынып оқушылары, барлығы 108 оқушы қатысты. Оқушыларға колледж туралы ақпаратты колледждің қызметкерлері Елибаева Алуа, Балабане-Жандыбаева Фариза, Асанхан Інжу-Маржан, ағылшындық мұғалім Thomson Jake берді. Колледж өкілдерімен кездесу барысында оқушылар колледж базасындағы мамандықтар туралы, материалдық – техникалық базасы туралы, оқуға түсу мүмкіндіктері туралы, оқу барысындағы жеңілдіктер туралы, оқу барысындағы артықшылықтары туралы және т.б. сұрақтарға жауаптар ала алды. Кездесу барысында оқушылармен әр түрлі ойындар өткізілді, сұрақтар қойылды. Оқушыларға естелік сыйлықтар таратылды.