Жаңалықтар

Бүгін мектебіміздің оқушылары 27 қыркүйек-Дүниежүзілік туризм күніне орай, ардагер ұстаз, туризм саласының құрметті азаматы Асхат Галиевичтің үйінде қонақта болды. Асхат Галиевич-ҚР еңбек сіңірген туризм иснтрукторы, аға инструктор КСРО, спорт шеберіне кандидат, Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану академиясының академигі, кадрлық даярлаудың Бүкілодақтық төрт семинарының қатысушысы, №19 мектебінің туристік-өлкетану моделін әзірлеп, іске асырушы, оны әзірлегені үшін Халықаралық балалар мен жасөспірімдердің туризм және өлкетану академиясының "Алтын компасымен"марапатталған.

"ҚР туризм саласының дамуына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен марапатталған,"Білім беру саласының құрметті қызметкері", "Еңбек ардагері", "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы" медалімен, "Туризмнің құрметті қызметкері" төс белгісімен марапатталған, ҚР Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен, ҚР Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада балалар туризмін дамыту комитеті, сондай-ақ оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастырғаны үшін кәсіподақ грамоталарымен марапатталған. "Туризмге адалдығы үшін" А.А. Остапца-Свешников медалімен марапатталған. Кездесу мереке қарсаңында арнайы ұйымдастарылған болатын. Кездесуге мектебіміздің 11 "Б", 6 "Б" сынып оқушылары, мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү., ұстаздар Петрик О. В., Калашникова Т. В., Диденко Т. В. қатысты. Кездесу барысында оқушылар Асхат Галиевичтің үйіндегі құнды құжаттарымен, тарихи суреттерімен, медалдарымен, алған марапаттарымен, жұмыс кабинетімен танысты. Кездесу барысында Асхат Галиевич оқушылармен өзінің қызықты оқиғаларымен, экспедиция барысындағы қызықты сәттермен, ғибратты әңгімелерімен бөлісті.Асхат Галиевичтің жұбайы Галина Мичиславовна альбомдағы суреттерімен таныстырды. Кездесу оқушылар үшін өте қызықты өтті, оқушылар өздеріне қажетті ақпараттарын, тәрбиелік мәні бар дүниелер ала алды. Мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү. Асхат Галиевичті мерекесімен құттықтап, арнайы алғыс хатпен мараппатады.