Бүгін мектебімізде 16 желтоқсан-Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне орай тарих әдістемелік бірлестігі мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасының қатысушыларымен кездесу болып өтті. Кездесуге Оразбаева Нағима Утемисовна, Ахмадиева Жанат Набиолдановна қонақ болып келді. Кездесудің мақсаты: оқушыларға оқиға туралы толығырақ мағлұмат беру, оқиға қатысушыларынан толығырақ ақпарат алу, еліне деген патриоттық сезіміндерін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу. Кездесуге 10-11 сынып оқушылары, тарих пән мұғалімдері, барлығы 45 адам қатысты. Кездесу барысында қонақтарымыз өздерінің естеліктерімен бөлісті. Оқушылар өздері қызықтырған сұрақтарын қойып, қажетті жауаптарын ала алды. Кездесу өте құнды, әсерлі болып өтті. Кездесуге келген қонақтарымызға мектеп директоры атынан арнайы алғыс табысталынды, кездесу соңында оқушылар қонақтарымызбен естелік суретке түсіп, сұхбат алды.