15 қараша күні мектебімізде Ұлттық валюта күніне орай «Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: оқушыларға ұлттық валютамыз теңгенің даму тарихымен алғашқы банкноттардың тарихы жайлы, теңгенің маңыздылығын кеңінен насихаттау. Оқушыларды тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен таныстыру, айналымға ену кезі туралы мағлұматтар беру. Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы іс – әрекеттерді реттеуге үйрету; экономикалық терминдермен таныстыру, өз бетімен жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың бойына елімізге ыстық сүйіспеншілікті, мақтанышты сіңірту, үнемділікке, барды қадірлеуге баулу, ақпараттық жүйелерді пайдалануды үйрету, тілді құрметтеуге баулу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға теңге қалыптасу тарихы туралы арнайы деректі фильмдерден, видеоматериалдардан үзінділер көрсетілді. Оқушыларға теңге тақырыбында жасалынған арнайы ақпараттық слайдтар көрсетілді. Түрлі бағыттағы анықтамалармен танысты, алған ақпараттары бойынша арнайы кластерлер қорғады. Тәрбие сағаттары барлық сыныптарда өткізілді.