Жаңалықтар

15 қараша күні мектебіміздің 9 «В», 9 «Д» сынып оқушылары сынып жетекшілері Тамара Сергеевна, Әсемгүл Тоқтарқызымен бірге Менеджмент, бизнес және білім колледжіне кәсіптік бағдар бойынша «Ашық есік күні» іс –шарасына қатысты. Іс – шараның мақсаты: колледж туралы ақпарат беру, мектеппен колледж арасында байланыс орнату, осындай іс – шаралар арқылы оқушыларға кәсіптік бағдар беру, мамандықтар туралы оқушыларды ақпараттандыру. Іс – шара барысында оқушыларға колледж туралы, мамандықтар туралы, колледждің материалдық – техникалық базасы туралы ақпарат берілді. Іс – шараға 9 «В», 9 «Д» сыныбы, барлығы 45 оқушы қатысты. Колледж ұжымына мектеп әкімшілігі атынан алғысымызды білдіреміз.