ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін мектебімізде 1 қыркүйек Білім күніне орай, "Мектебім-мейірім мекені" тақырыбында алғашқы қоңырау салтанатты іс-шарасы болып өтті. Іс-шараның мақсаты: жаңа оқу жылының салтанатты ашылуын ұйымдастыру және білім алушылардың білім алуға ұмтылысын, патриоттық, еңбекқорлық, жауапкершілік пен өзара сыйластық қасиеттерін қалыптастыруға ықпал ететін мерекелік және шабыттандыратын орта қалыптастыру. Іс-шараға мектеп әкімшілігі, ұстаздар, ата-аналар және 1,11 сынып оқушылары қатысты. Іс-шара басын мектеп директоры Мендыбаев А. Б. сөз сөйлеп, ұжымды, оқушыларды, ата-аналарды мерекемен құттықтап, алдағы оқу жылына сәттілік тіледі. іс-шара барысында мектебіміздегі үйірме, секциялардың оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Қоңырау ұру рәсімін 11 сынып оқушылары, мектеп мақтаныштары Қаратай Ақжібек, Жұмағазы Гүлназ, Мисых Сергей, Беркешев Алишер және 1 сынып бүлдіршіндері Файзуллина Амира, Шукеев Багдан, Креймер Виктория, Олжабек Айсауле жасады. Іс-шара соңында 1 сынып оқушылары өз кабинеттеріне кіріп, алғашқы танысу сабағын өткізді. Іс-шара жоғарғы деңгейде өтті. Барлығы 195 оқушы, 145 ата-ана қатысты.