Қазақ тілі пәнінен олимпиадалар

Олимпиададағы білім додасы оңай емес. Ол жарысқа «жүзден жүйрік» шыққандар ғана қатысады. Қас пен көздің арасында жаңарып жатқан ақпараттар тасқынынан, өзіне қажетті білім нәрін іріктеп ала алатын, өз бетімен ізденетін, қажырлы, еңбекқор, өзінше намысы бар оқушылар ғана жүлделі орынға ие болды.Сол себепті мектептің ұстаздар ұжымы облыстық, республикалық олимпиадаларға өз оқушыларын үлкен дайындықпен жібереді.