13 ақпан күні мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес «Бірыңғай ашық есік күні» мектепішілік іс – шарасы болып өтті. Қалалық ұсынымға сәйкес мектепішілік іс – шаралар жоспары бекітілді. Мектепішілік жоспарға сәйкес 7 сыныптарда «Қыз қылығымен көрікті» тақырыбында қыз балалардың аналарымен бірге жиын болып өтті. Мақсаты: қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік негізінде тәрбиелеу. Іс –шара барысында қыз балалар аналарымен «Қыз тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі» әңгіме сұхбат; «Ой бөлісейік» айдары; «Тұлпарың сүрінбесін» викториналық сұрақтар айдары; «Қызыма кеңес» айдары; «Жүректен жүрекке» хат жазу айдарылары бойынша бірлесіп жұмыс істеді. Іс – шара барысында ата – аналар өз ойларын ортаға салып, жиынға жақсы қатысты. Жауапты 7 «А», 7 «Ә» сынып жетекшілері Мамырова Д. К., Акилбекова А. К. Іс – шараға барлығы 13 қыз, 13 ана, 1 әке қатысты. Мектеп әкімшілігі атынан іс – шарамызға белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз.