19-22 ақпан кұндері Астана қаласында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген жаттықтырушы Рафик Гарифович Валиевтің жүлдесіне арналған жасөспірімдер 2008-2010 ж.т. ұлдар мен қыздар арасындағы белбеу күресінен 40-шы халықаралық турнирі болып өтті. Турнирге Қазақстаннның түкпір-түкпірінен, көрші мемлекеттерден мықты спортшылар қатысты. Аталмыш турнирге мектебіміздегі "Белбеу күресі" секциясының оқушылары да қатысты. Турнир қорытындысы бойынша:
71 кг.салмақ дәрежесі бойынша Сабирбеков Айдос-2 орын;
57 кг. салмақ дәрежесі бойынша Жиенбаева Айша-1 орын;
63 кг. салмақ дәрежесі бойынша Жомартова Марзия-1 орын;
52 кг. салмақ дәрежесі бойынша Жиенбаева Хадиша-1 орын;
44 кг. салмақ дәрежесі бойынша Кубеева Аружан-1 орынға ие болды. Оқушыларымызды осы үлкен жетістіктерімен құттықтаймыз! Жаттықтырушысы: Сатбаев Д. К.