Ата - аналар жиналысы

13 ақпан күні мектебімізде «Ата – аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес «Бірыңғай ашық есік күні» мектепішілік іс – шарасы болып өтті. Қалалық ұсынымға сәйкес мектепішілік іс – шаралар жоспары бекітілді. Мектепішілік жоспарға сәйкес №2 аймақ, «Бақытты бала – бақытты отбасы» тақырыбында тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты: отбасындағы тәрбие-өте маңызды рөл атқаратындығын көрсете білу, мектеп пен ата-ана байланысын ынтымақтастыру өзара серіктестік орнату, ата-ананың, баланың оқу тәрбиеге қатысты жауапкершілігін арттыру. Тренинг барысында ата – аналар топқа бөлініп, «Бақытта отбасы», «Бақытты бала» тақырыптарында кластерлер жасап, өз жұмыстарын қорғады. Іс – шараға 2 «Ә», 3 «Ә» сынып ата – аналары, барлығы 15 ана, 2 әке қатысты. Тренингті ұйымдастырушы 2 «Ә», 3 «Ә» сынып жетекшілері Ешенгазина Қ. Т., Дауленбаева М. Т. Тренинг өте жақсы өтті, ата – аналар өздерінің кластерлері арқылы өздерінің ойларын білдірді, қоғамдағы маңызды тақырыптар қозғалды. Мектеп әкімшілігі атынан іс – шарамызға белсене қатысқан ата-аналарымызға алғысымызды білдіреміз.