4 наурыз күні мектебімізде қазақ жырының тұлпары ақын, жазушы, драматург Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай ашық тәрбие сағаты болып өтті. Тәрбие сағатының мақсаты: қазақ халқының қаһарманы, алаштың ардақтысы, қазақ әдебиетінің тұлпары, жазушы, ақын, драматург Бейімбет Майлиннің өмір жолынан мәлімет беру, оқушыларды шығармашылығымен таныстыру, оқушыларды сол шығармаларды оқи отырып өз елінің патриоты болуға, ізденімпаздылыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға арнайы видеоматериалдар, деректі фильмнен ізінділер, арнайы дайындалған тақырыптық слайд көрсетілді. Оқушылар Бейімбет Майлин туралы арнайы ақпараттық анықтамалармен танысты, алған ақпараттары бойынша кластерлерін, слайдтарын қорғады. Тәрбие сағатын өткізген 5 «В» сынып жетекшісі Байжуманова Гаухар Толегеновна. Барлығы 25 оқушы қатысты.
- Басты бет
- /
- Жаңалықтар
Жаңалықтар
