8 қараша күні мектебімізде 7-8 сыныптар арасында алғаш рет "Екі жұлдыз" музыкалық сайысы болып өтті. Сайыстың мақсаты: оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, оқушылардың арасында ауызбіршілікті қалыптастыру, өнерлі оқушыларды табу, ол оқушылардың өнерлерін шыңдау, рухани құндылықтарын дамыту, сахна мәдениеттілігін қалыптастыру. Сайысқа 7-8 сынып оқушылары және пән мұғалімдері қатысты. 7 "А" сыныбынан Убаев Санжар және жұбы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерсултанова Айгуль Серикбаевна, 7 "Б" сыныбынан Нурланбек Адия және жұбы биология пәнінің мұғалімі Абенова Алмагуль Баетовна, 7 "В" сыныбынан Ахременко Вероника және жұбы бастауыш сынып мұғалімі Хуснутдинова Наталья Владимировна, 8 "А" сыныбына Мырзағали Арай және жұбы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Казанбаева Ботагоз Ермахановна, 8 "В" сыныбынан Лорсанова Фатима және жұбы бастауыш сынып мұғалімі Щербанюк Елена Ярославовна. Әділ қазы алқалар мүшесінде: мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Момынов М. Ү., мектеп директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары Байманова Г. А., Қамқоршылар Кеңесі төрағасының орынбасары Тозлобан А. А., 11 "А" сынып оқушысы Саидқызы Д., 11 "Б" сынып оқушысы Ломакина П. Сайыс өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушы оқушылар мен мұғалімдерге мектеп әкімшілігі атынан үлкен алғысымызды білдіреміз, жақсы дайындықтың нәтижесінде іс-шара өз мақсатына жетті, жоғары деңгейде өтті. Сайыс қорытындысы бойынша: ГРАН - ПРИ-8 "В" сынып оқушысы Лорсанова Фатима және жұбы бастауыш сынып мұғалімі Щербанюк Елена Ярославовна; 1 орын-8 "А" сынып оқушысы Мырзағали Арай және жұбы қазақ тілі пәнінің мұғалімі Казанбаева Ботагоз Ермахановна; 2 орын-7 "В" сынып оқушысы Ахременко Вероника және жұбы бастауыш сынып мұғалімі Хуснутдинова Наталья Владимировна; 3 орын-7 "А" сынып оқушысы Убаев Санжар және жұбы ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Ерсултанова Айгуль Серикбаевна; 7 "Б" сынып оқушысы Нурланбек Адия және жұбы биология пәнінің мұғалімі Абенова Алмагуль Баетовна арнайы дипломдармен марапатталды.